Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығын орындау мақсатында облыс әкімі А.С.Көлгінов 2018 жылдың 16 ақпанында сағат 10.00-де облыс тұрғындарына есеп беру кездесуін өткізеді.
Кездесу «Оқушылар және жастар сарайы» ғимаратында өтеді. Мекен-жайы: Орал қаласы, Московская көшесі, 18.
Тұрғындардың облыс әкімінің есебі бойынша өздерінің ұсыныстарын, ескертпелері мен үнқосуларын Орал қаласы мен аудандарда орнатылған арнайы жәшіктерге салуына, сондай-ақ [email protected] электронды поштасына жолдауына болады.
Ұсыныстар мен ескертпелерді жолдағанда жіберушінің аты-жөні, тұратын мекен-жайы мен байланыс телефоны көрсетілуі керек.
Облыс әкімінің аппараты