17.02.2017, 10:51
Оқылды: 86

БҚО әкімі Алтай Көлгіновтың есеп беру жиналысы өтуде

Орал қаласындағы Теннис орталығында Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновтың халық алдындағы есеп беру кездесуі өтуде.


-Біз сіздермен бірге 2016 жылды өнімді тірлікпен, мызғымас бірлікпен қорытындыладық. Өңірімізде өткен жылы тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған ауқымды істерге тоқтала кетейін. Жұмыстарымызды жүйелі атқару мақсатында былтырғы жылдың басында 12 аудан мен Орал қаласының 2020 жылға дейінгі даму жоспары әзірленді. Осы құжаттардың негізінде Батыс Қазақстан облысының 2020 жылға дейінгі даму жоспары бекітілді. Даму жоспарлары аудандық және облыстық Қоғамдық кеңестер мен депутаттардың талқылауынан өтті. Өткен жылы облысымыздың әлеуметтік экономикалық дамуы оң көрсеткіш көрсетті, - деді өз сөзінде өңір басшысы.

Айта кетейік, есеп беру жиналысы өтіп жатырған мәжіліс залында call- орталық жұмыс істеуде. Облыс тұрғындары  31-01-01 нөміріне хабарласып, әкімге сауалдарын қоя алады.

           zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале