БҚО әкімдігінде азық-түлік бағасын реттеу мәселесі талқыланып жатыр. Жиынға облыс әкімі Нариман Төреғалиев төрағалық етуде.
Баяндамашыларды тыңдаған облыс әкімі:
- Азық-түлік бағасына қатысты осымен екінші жиналыс өтіп отыр. Сіздердің қолдарыңызда әлі күнге толық анализ жоқ. Көрші облыстар бағаны қандай механизммен ұстап отыр? Сіздер соны білесіздер ме? Неге зерттемейсіздер? Маған толық, дұрыс ақпарат пен нақты жұмысты айтыңыздар, - деп шүйлікті Нариман Төреғалиев.
- Бағаны ұстап тұру деген сөз тек мониторинг жүргізіп отыру емес, сол бағаны реттеудің жолдары айтылуы керек, - деп қосты аймақ басшысы.
Жиынның екінші бөлігінде ауылдарды сапалы интернетпен қамту мәселесі қаралады.
zhaikpress.kz