6.03.2024, 16:27
Оқылды: 37

БҚО әкімі Финляндия елшісімен инвестициялық әріптестік мәселесін талқылады

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Финляндия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Сойли Мякеляйнен-Буханистпен кездесті.

Бұл туралы БҚО әкімдігінің ресми сайтында хабарланды

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

InShot_20240306_162407870

- Мемлекет басшысының өңірге инвестиция тарту бойынша тапсырмасы бар. Батыс Қазақстан облысы Финляндиямен бірлескен жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға дайын, - деп атап өтті облыс әкімі Нариман Төреғалиев.

Финляндия елшісі өз тарапынан әріптестікке дайын екенін жеткізді.

Кездесу соңында Нариман Төреғалиев Сойли ханымды алдағы 8 наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале