Құрметті батысқазақстандықтар!
Біздің облыста коронавирусты жұқтырғандар санының өсуі қайтадан байқалады.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызметкерлері инфекцияның таралуы мен шығу көздерін талдау үстінде. Инфекция жұқтырғандардың басым көпшілігі Ресей Федерациясынан келгендер мен көпшіліктің қатысуымен өткен іс-шараларға (мерейтойлар, садақалар және т.б.) қатысқан азаматтар.
Инфекцияны жұқтыру қаупін азайту үшін мына қарапайым сақтық шараларын қолдану қажет:
- адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға тырысыңыз;
- адамдармен сөйлесу кезінде арақашықтықты (1 метр) сақтаңыз; Қаншалықты арақашықтықты сақтасаңыз, соғұрлым ауру жұқтырудан аулақ боласыз;
- Бөлмелерді желдетіңіз;
- жөтелгенде немесе түшкіргенде мұрыныңыз бен аузыңызды шынтақпен немесе қол орамалмен жабыңыз, кейін қолыңызды жақсылап жуыңыз;
- Адам көп шоғырланған жерлерде бетперде киюді әдетке айналдырыңыз. Бетперде киер алдында немесе шешпес бұрын қолдың гигиенасын сақтаңыз; Бетпердені мұрын, ауыз және иек жабық тұратындай етіп кию қажет;
- Егер сіз қауіпті топтардың біріне жатсаңыз, матадан жасалған бетперде киіңіз. Матадан жасалған бетперде қауіпсіз қашықтықты сақтау мүмкін болмаған кезде, әсіресе жабық және желдетілмеген, адамдар көп жиналатын жерлерде өте тиімді;
- Егер сіздің жасыңыз 60 жастан асқан болса, созылмалы аурулармен ауырсаңыз, өзіңізді нашар сезінсеңіз немесе науқас адамның жанында болсаңыз медициналық/хирургиялық бетпердені киіңіз;
Әр үйде парацетамол, қызуды түсіретін дәрілер, С және D дәрумендер болуы тиіс;
Антикоагулянттарды, антибиотиктерді өздігінен қабылдаудың қажеті жоқ. Егер сізде вирустық инфекция белгілері болса, емханаға барыңыз. Дәрігер қажетті дәрі-дәрмектерді таңдап береді.
Ауруды қай жерде жұқтырып алатынын ешкім білмейді. Коронавирустан сауығып шықсаңыз да, одан кейін қандай жағымсыз салдар туындауы мүмкін екенін ешкім білмейді. Жұқтырғандар санының күрт өсуіне және жазда болған ауыр жағдайдың қайталануына жол бермеу үшін осы ережелерді сақтауларыңызды сұраймын.
Сақтықта қорлық жоқ! Ауырмаңыздар!
zhaikpress.kz