21.06.2020, 12:48
Оқылды: 76

БҚО әкімі Ғали Есқалиев медицина саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

Құрметті медицина саласының мамандары, ардақты ардагерлер!

14FDF141-41E3-4EFB-87E6-D83D22D452DE

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл барлық дәрігерлер, медбикелер, орта медициналық қызметкерлер, денсаулық сақтау саласына қатысты барлық адамдар үшін кәсіби мереке.

Дәрігер болу - ауыр және асыл мамандық. Адам өмірін сақтап қалу үшін күнделікті жұмыс үлкен қажырлылықты, шыдамдылықты және таңдаған мамандыққа жан-тәнімен берілуді қажет етеді.

Өз өмірін адам денсаулығын арашалауға арнаған адамдар жай ғана кәсіпқой мамандар емес, олар өз өмірін адамдарға көмектесуге арнаған рухани бай, адамгершілігі мол адамдар.

Олар көп жағдайда науқастар үшін аман алып қалатын көмек көрсетуші адамдар болып табылады. Осындай жауапкершілігі мол кәсіби міндеттерінді атқару жолында барлық мінез-құлықтарды, жеке басындағы қиындықтардан арылып, әрбір науқасқа аса жауапкершілікпен қарайды.

Осы ретте, бірнеше ай бойы вирустың жаңа түрін жұқтырған адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін күресіп жүрген дәрігерлерге ерекше алғыс айтамын.

Сіз білім алғаннан кейін берілген дәрігердің антына адалсыз. Онда осындай сөздер бар - "мен өзімді толығымен азаматтардың денсаулығын қорғауға арнап, оларды емдеу жолында адал болуға, ... науқасқа риясыз көмек көрсетуден ешқашан бас тартпауға ант етемін".

Құрметті дәрігерлер мен денсаулық сақтау саласы ардагерлері !

Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт пен отбасы амандығын тілеймін!

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале