8.11.2020, 0:15
Оқылды: 131

БҚО әкімі Ғали Есқалиев жұмыс сапарымен Шыңғырлау және Бөрлі аудандарына барды

Шыңғырлау ауданында жұртшылық үшін аса маңызды болып отырған ауыз су мәселесі жыл өткен сайын оң шешімін тауып келеді. Жалпы аудан халқының таза сумен қамтылуын 92,4%-ға жеткізу жоспарланған. 700-ге жуық тұрғыны бар Алмаз ауылында орталықтандырылған таза су құбыры іске қосылды.

IMG-20201107-WA0031

Алмаздықтардың қуанышын бөлісуге ауданға жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Ғали Есқалиев Алмаз ауылындағы ауыз су құбыры құрылысының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында жүргізілген су құбырының құрылысына 283 млн 471 мың теңге қаражат бөлінген. Құрылыс жұмыстарын «УниверсалСтройСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізіп, 12 шақырым су құбырын тартты. Су жинайтын резервуар сыйымдылығы 350 текше метр.

IMG-20201107-WA0035

- Елді мекендер үшін ауыз су мәселесі өте маңызды. Сондықтан Қазақстан Республикасы Президентінің тікелей қолдауының арқасында осы Алмаз ауылы секілді облыс көлемінде тағы да 31 елді мекенде таза ауыз су құбыры іске қосылады. 27 мыңға жуық тұрғын таза ауыз суына қол жеткізбек. Енді міне, алмаздықтардың тұрмыстары одан әрмен жақсарып, кәсіпкерліктің жаңа түрлерін ашуға серпін болады деп ойлаймын, - деген облыс басшысы Ғали Нәжімеденұлы ауыл тұрғындарын суды үнемдеуге шақырды.

Бұдан кейін сөз алған ауыл ақсақалы Құрманов Байболат пен құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігер, «УниверсалСтройСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі Асхат Махметов сөз алып, халық үшін маңызы зор игі істің жүзеге асуымен құттықтады. Су құбырының ашылу лентасы салтанатты түрде қиылып, іске қосу тетігі басылды.

IMG-20201107-WA0034

IMG-20201107-WA0032

IMG-20201107-WA0033

Салтанатты қуаныш ауыл өнерпаздарының шағын концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Облыс басшысының жұмыс сапары Ақшат ауылында жалғасты. Бұл елді мекенде облыс әкімі Ғали Есқалиев А.Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің ашылу рәсіміне қатысты. 1972 жылы салынған ғимараттың күрделі жөндеу жұмыстарына «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде республикалық бюджеттен 512 млн 326 мың теңге бөлінген болатын. 3784 шаршы метрді құрайтын білім ордасының жөндеу жұмыстарын «Жиенбай» ЖШС жоспарға сәйкес мамыр-қыркүйек айларында жүргізіп аяқтады.

IMG-20201107-WA0038

Ашылу рәсімінде сөз алған облыс басшысы Ғали Нәжімеденұлы Ақшат ауылының тұрғындарын заман талабына сай жаңарған мектептің ашылу салтанатымен құттықтады.

- Облыс көлемінде биылғы жылы көптеген әлеуметтік нысандар салынып, күрделі жөндеуден өтуде. Соның ішінде Ұлы Отан соғысының батыры А.Тихоненконың есімі берілген Ақшат ауылының орта жалпы білім беретін мектебі де бар. Ендігі кезекте, ұстаздар мен оқушыларға толыққанды жағдай жасалған білім ордасынан білімді де тәрбиелі, үкілі үмітті ақтайтын шәкірттер тәрбиеленіп шығуына тілектеспін, - дей келе өңір басшысы аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

IMG-20201107-WA0040

Облыстың маслихат хатшысы Мәлік Құлшар да ақшаттықтарды мектептің ашылуымен құттықтады. Келесі сөз кезегін алған ауыл тұрғыны, ардагер ұстаз Жансұлу Қарлыбаева биылғы жылы күрделі мәселенің түйіні шешіліп, әдемі де сапалы жөнделген білім ордасына, сонымен қатар ауыл көлемінде атқарылып жатқан өзге де игі істерге ауылдастары атынан шынайы алғысын білдірді.

Жобаның бас мердігері «Жиенбай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры А.Қарағойшин ақшаттықтарды мерекемен құттықтады.

IMG-20201107-WA0049

Жөнделген ғимарат заман талабына сай құралдармен жабдықталып, түгелдей жаңартылған. Атап айтқанда, жиһаздарын, техникаларын есептемегенде, асхана мен жуанатын бөлмелері, заманауи білім беруге бағытталған жаңартылған модификациялық және робототехника кабинеттері, пән атауына байланысты жабдықтар мен мектеп ауласында спорт алаңы, хоккей қорабы да орын алған.

IMG-20201107-WA0039

IMG-20201107-WA0050

IMG-20201107-WA0048

Одан әрі өңір басшысы Ақшат ауылының Мұхамбетов көшесінде жүргізіліп жатқан күрделі жұмыстардың барысымен танысты. 3,2 шақырымды құрайтын жолды жөндеуге «Жұмыспен қамту - 2020» жол картасы бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 211 млн теңге қаражат бөлінген. Құрылыс жұмыстарын мердігер «Айдана» ЖШС жүзеге асыруда.

IMG-20201107-WA0051

Кейін өңір басшысы Ғали Есқалиев жұмыс сапарымен Бөрлі ауданына барып, «Green Spark limited» ЖШС құрылысымен танысты. Аталмыш компания Ақсай қаласында күн панельдерін шығаруды қолға алмақ. Завод құрылысы алты айға жоспарланған.

Мамандардың айтуынша, завод толық күшіне енген кезде күніне 22 мың панель шығаруға қауқарлы. Құрылысқа 24 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Тапсырыс беруші жобасының жалпы аумағы 1,0000 га құрайды. Облыс әкімі Ғали Есқалиев жобаны тиімді пайдаланып аудан орталығынан шалғай ауылдарды күн панельдері арқылы жарықпен қамтамасыз етуді ойластыру керектігін атап өтті. Компания өкілдері мұның мүмкін екендігін алға тартты. Алдағы уақытта бұл ұсыныс тұрғысында есеп-қисап құрып, қарастыратындықтарын жеткізді.

IMG-20201107-WA0054

Одан соң Ғали Нәжімеденұлы Жарсуат ауылдық округінде «Жарсуат» ЖШС қолға алып жатырған шошқа өсіру шаруашылығының жұмысымен танысты.

- Құны 1 млрд. 850 млн теңге болатын жоба арқылы 9000 бас шошқа ұстауға мүмкіндік ашылмақ. Сонымен қатар жылына 550 т шошқа етін алу жоспарлануда. Комплекс 7,2 га аумақты алып жатыр. Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың қыркүйегіне дейін аяқталады деп күтілуде. Шошқаны күтіп баптау және сою барысында соңғы технологияларды пайдаланатын боламыз. Жоба негізінде 58 адам жұмыспен қамтылады. Ешқандай қалдық шығармауды ойластырып жатырмыз, - дейді «Жарсуат» ЖШС директорының орынбасары Павел Климов.

IMG-20201107-WA0057

IMG-20201107-WA0065

Жобамен толық танысқан облыс басшысы Ғали Есқалиев алдымен ауыл тұрғындарына шошқа қалдығының жағымсыз иісі қолайсыздық келтірмейтіндей етіп ретін табуды тапсырды. «Жарсуат» ЖШС өкілі ол мәселені мейлінше шешу жолдарын іздестіретіндігін атап өтті. Жарсуат ауылы тұрғындарының Жайық өзенінің арнасы жылжи-жылжи ауыл ішіне кіруге қалғандығын айтып дабыл қаққандарына бірнеше жылдың жүзі болды. Бұл мәселе де оңынан шешімін таппақ.

IMG-20201107-WA0063

IMG-20201107-WA0055

- Өзен жағасын бетонмен бекіту жұмыстары 2 жылға жоспарланып отыр. Жайық жағалауын бойлай 1850 метрдей жер бетонмен көтеріліп, құйылатын болады. Бүгінгі таңда қаражатының бір бөлігі қарастырылып, мердігер компанияны анықтау үшін құжаттама жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деді Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ринат Шауенов.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале