Наурыз мейрамы қарсаңында облыс әкімі Ғали Есқалиев бір топ қоғам белсендісін марапаттады.
- Қоғамдық іс-шараларға белсенді атсалысып келесіздер. Азаматтық ұстанымдарыңызға алғыс білдіремін. Еліміздегі татулық пен тұрақтылықты сақтау жолында еңбектеріңіз зор. Бейбіт өмір сүрген халық барлық қиындықты еңсере біледі. Наурыз мейрамы құтты болсын. Жаңа жыл жақсылыққа толы болсын,- деді Ғали Есқалиев.
Әкім қабылдауында ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Бақытжан Сабыралиев, «Бөрлі-Казбат» ҚБ төрағасы Әлішер Ашурматов, «Құрмет» орденімен, «Назар аудар» театрының әртісі Азамат Әленов, «Ағайын» ҚБ төрағасы Арман Биғалиев «Шапағат» медалімен, «Дәдем ата» ҚҚ төрағасы Ғарифолла Жанбозов, тарихшы-археолог Мұрат Қалменов Құрмет грамотасымен марапатталды.