25 қазан - Республика күніне орай бүгін медицина саласының мамандарымен облыс әкімі Нариман Төреғалиев кездесті.
- Мен бүгін сіздердің орталарыңызға арнайы келіп отырмын. Себебі адамзат өмірі үшін дәрігерлердің алатын орны ерекше. Біздің облыста медицинаға бөлінген қаражат көлемі 92 миллиардты құрайды. Осы жылы өңірге 105 жас маман облысқа жұмысқа келді. 14 маманға қызметтік тұрғын үй берілді. Өңір тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсету үшін қомақты қаражат бөліп келеміз. Мен сіздерді осы мерекемен құттықтай отырып ұлт саулығы жолында атқарып келе жатқан қызметтеріңізге алғыс айтамын, - деді аймақ басшысы Нариман Төреғалиұлы.
Салтанатты жиында жыл бойына белсенді еңбек еткен дәрігерлер тобы мерекелік төсбелгілермен және алғысхаттармен марапатталды.
БҚО-да медицина саласына мемлекеттен көп көңіл бөлінуде. Биылдың өзінде 5,5 млрд-ға медициналық жабдық сатып алу көзделген. Бүгінде 61 медициналық жабдық алынған.
Одан бөлек медициналық ұйымдарға 81 автокөлік сатып алынса, 22 нысанға күрделі жөндеу жүргізілуде.
Жанат Көшкінбай,
zhaikpress.kz