Облыс әкімі Нариман Төреғалиев өрт салдарынан қаза тапқан азаматтардың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады.
Бұл туралы БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Орны толмас қайғыларыңызды терең күйзеліспен қабылдадым. Көз жұмған азаматтардың жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!», - делінген жеделхатта.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнгі сағат 02.07-де 101 пультіне Оралдағы Сырым Датов көшесі, 52 мекенжайындағы «Rizyq» дәмханасында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Апат салдарынан екі адам қаза тапқан болатын. Ал түстен кейін тағы бір адамның денесі үйінділер астынан табылғаны туралы ақпарат түсті.