1.09.2022, 12:15
Оқылды: 43

БҚО әкімі өңір халқын 2023 жылы бюджет қаржысын тиімді жұмсауға шақырды

Облыс әкімі Ғали Есқалиевтің хабарлауынша, өңірдің 2023 жылға арналған бюджеті жасақталу үстінде.

304205436_2343852815755509_820212339668260297_n

«Бүгінгі таңда 2023 жылға арналған бюджет жасақталу үстінде. Осыған орай, мен сізден туған өлкемізді көркейтуге бағытталған тың ұсыныстар мен жасампаз идеялар күтемін.

Бұл жол салу, көшелерді жарықтандыру сияқты жыл сайынғы бюджетке енгізілген ұсыныстар болмауы тиіс.

Облыс тұрғындары қажет ететін жобалар өте көп екенін айта кеткім келеді. Мысалы, жол бойындағы дәретханалар, Батыс Қазақстан облысы мен Орал қаласына кіреберістегі белгілер, тарихи ғимараттарды қалпына келтіру, көше өнерін дамыту, дәстүрлі фестиваль өткізу, мүгедек адамдар жолындағы кедергілерді жою және тағы басқасы.

304024532_2343851192422338_1949082976928175612_n

Жинақталған идеялардың бюджеті анықталып, облыс тұрғындарының талқылауына және дауыс беру арқылы таңдауына ұсынылады. Бір немесе бірнеше идеялардың жалпы бюджеті шамамен 500,0 млн теңгеге дейін болады.

Сондай-ақ, бұрын белгіленген халықтық бюджетке сәйкес (https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=2181083082032484&id=100003924403354) сметалық есептер аяқталып жатқанын және жаяу жүргіншілер өткелдеріне 180 шам орнатуды қазан айында бастау жоспарланғанын хабарлаймын.

Осы форматтағы жұмыстарды әлі де жалғастыруды көздеп отырғанымызды айтқым келеді. Өз ұсыныстарыңызды пост астына жазба ретінде қалдыруларыңызды және репост жасауды сұраймын, деп жазылған БҚО әкімінің facebook парақшасында.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале