19.01.2024, 16:00
Оқылды: 61

БҚО әкімі Оралдағы жылу электр орталығының жұмысымен танысты

Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орал қаласындағы жылу электр орталығына барды. Өңір басшысы стратегиялық нысанның материалдық-техникалық базасын жаңғырту аясында атқарылып жатқан жұмыспен танысты.

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

тэц жп (5)

- Мемлекет басшысы өңірлердегі жылу электр орталықтарының үздіксіз жұмыс істеуін қадағалап, олардың материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға баса назар аударуды тапсырған болатын. Осы ретте, тұрғындардың қыс мезгілінде тұрақты негізде жылумен қамтамасыз етілуі маңызды. Бүгін мұнда облыстық мәслихат депутаттарымен бірге келіп, жылу электр орталығына қатысты мәселелерді талқылап жатырмыз. 2035 жылға дейін жылу электр орталығын дамыту жөніндегі жоспармен таныстық. Жаңғырту жұмысына баса мән береміз. Жылыту маусымы кезінде өңір тұрғындары ешқандай қиындық көрмеуі тиіс, - деді Нариман Төреғалиев.

тэц жп (1)

Электр және жылу энергиясын өндіру, тарату, жеткізу қызметін жабдықтаушы мекеменің негізгі қондырғылары штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

ЖЭО электрлік қуаты - 48,5 МВт. Жылу қуаты сағатына 811 - Гкал. Кәсіпорында мыңнан астам адам жұмыс істейді.

тэц жп (6)

«Жайықжылуқуат» АҚ арқылы қала тұрғындарының үйіне орталықтандырылған жылу қосылған. Сондай-ақ жылу электр орталығы бюджеттік мекемелер, коммерциялық нысандарды да жылумен қамтып отыр.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев орталықтың тұрақты әрі қалыпты режимде жұмыс істеуін қадағалауды тапсырды.

zhaikpress.kz

Фото: облыс әкімінің баспасөз қызметінен

тэц жп (2) тэц жп (3) тэц жп (4) тэц жп (7)

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале