15.05.2024, 11:45
Оқылды: 66

БҚО әкімі пәндік олимпиадалар мен спорттық жарыс жеңімпаздарын тәрбиелеген отбасылармен кездесті

Бүгін Отбасы күнінде облыс әкімі Нариман Төреғалиев халықаралық, республикалық деңгейдегі пәндік олимпиадалар мен спорттық жарыс жеңімпаздарын тәрбиелеген отбасылармен кездесті.

IMG_8211

– Сіздерді бүгінгі Халықаралық отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын. Ұрпақ тәрбиелеу – ұлы міндет. Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алатыны белгілі. «Әке – асқар тау, ана – мөлдір бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» - деген даналық сөз ұлттық тәрбиенің атқарар рөлін айқындайды.

Бүгін Халықаралық отбасы күні осындай еліміздің жалынды ұл-қыздарын тәрбиелеп отырған отбасылармен – өздеріңізбен кездесіп отырмыз.

Егемен еліміздің болашағы, ертеңі – дарынды, білімді, рухы биік ұрпақ тәрбиелеп отырған отбасы ретінде сіздерге ризашылығымды білдіремін. Өсіріп отырған ұл-қыздарыңыз үміттеріңізді ақтап, Тәуелсіз еліміздің өркендеуіне адал қызмет атқаратынына, Ақжайықтың абыройын асқақтатынына сенімдімін.

Кеше су тасқыны кезінде біз ұлт ретінде сын-сағатта, қиын қыстауда ата-бабамыздан қалған ынтымағымызды, бірігу қасиетімізді жоғалтпағанымызды дәлелдедік. Оны бәріміз түсіндік, бағаладық. Осы қасиетімізден айырылмайық. Баршаңызға ризашылығымды білдіремін.

Тәуелсіздік жылдары алты миллионнан аса қазақстандық дүние есігін ашты. Былтырғы 14 қарашада Қазақстан халқының саны 20 миллионға жеткені баршамызға мәлім. Бұл еліміздегі отбасылық-демографиялық саясаттың дұрыстығының, халқымыздың әл-ауқатының артқандығының айғағы, - деді өңір басшысы.

IMG_8214

Айта өтейік, қазіргі таңда БҚО-да 13 586 көпбалалы ана бар, оның арасында «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана» иегерлері 6 558 адам. Облыста бес «Отбасы орталығы» ашылып, жұмыс істеп жатыр.

Кездесу соңында отбасыларға Нариман Төреғалиевтің атынан алғысхаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале