Бүгін облыс әкімі Нариман Төреғалиев Ресей Федерациясының Орал қаласындағы жаңадан тағайындалған бас консулы Алексей Грубыймен кездесті. Бұл туралы БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі жазды.
Кездесу барысында Нариман Төреғалиев Алексей Грубыйды тағайындалуымен құттықтады. Сондай-ақ Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасының стратегиялық және экономикалық серіктесі екенін атап өтті.
Облыс әкімі мен бас консул ынтымақтастық және болашақтағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.