24.07.2024, 12:32
Оқылды: 187

БҚО әкімі «Шаңырақ» жасөспірімдер үйіне барды

2000 жылы пайдалануға берілген «Шаңырақ» жасөспірімдер үйі 24 жыл бойы бір сылақ көрмеді. Негізінен балалар үйінен шыққан отандастарымыз тұратын жатақхананың төбесі мен жертөлесі тозып, ас дайындайтын не жуынатын орны да жөндеуді қажет етіп тұрды.

IMG-20240724-WA0008

Аталған ғимаратты жаңғырту керек екенін тұрғындар да облыс әкімінің есептік кездесулерінде мәселе етіп біраз көтерді.

Сондай кездесулердің бірінде аталған тұрғынжайдың жөнделуіне ерекше мән беретінін айтқан облыс әкімі Нариман Төреғалиев уәдесін орындап, жатақхананы ретке келтірді.

Облыс бюджетінен 500 миллион теңгеден астам қаражат бөлініп, былтыр күзде жатақхана күрделі жөндеуге жабылды.

IMG-20240724-WA0017

«Шаңырақ» жасөспірімдер үйінің директоры Өмірбай Қалымбетовтың айтуынша, онда 89 тұрғын бар екен. Оның 78 бала. Үш қабатты ғимаратта 78 бөлме бар. Олардың  көбі бір адамдық, тағы 24 бөлме отбасылы жандарға арналған.

Былтыр жатақхана жөндеуге жабылған кезде тұрғындар қаладағы №6, №12 лицейдің жатақханасына, «Самал» демалыс орнына көшірілді. Ал бөлмелеріміз тұруға дайын болған сәуір айында олар «Шаңыраққа» қайта оралды, - дейді Өмірбай Қалымбетов.

IMG-20240724-WA0012

Күні кеше жаңа кейіпке енген жатақханаға барған өңір басшысы барлық қабатты аралап, тұрғындармен де тілдесті. Өңір әкімдігінің жасаған ісіне разы болған тұрғындар байырғы баспаналарын есіне де алғысы келмейтінін жеткізді.

Бірнеше жылдан бері аталған орында тұратын Айдана Тәжібаева осыдан бір жыл бұрын төбеден су кетіп, бөлме ішін тарақан жайлап кететінiн еске алады.

IMG-20240724-WA0016

Қазіргі кезде бөлмелеріміз қаладағы пәтерден кем емес. Есік-терезеден жел гулеп жатқызбайтын еді. Қазір оның барлығы жаңарған. Үйімізді жөндеп, жаңартып берген облыс әкімі мен мердігерге алғысымыз шексіз. Енді балаларымызға салқын тиіпауырып қалады деген қорқыныш жоқ, - деді жатақхана тұрғыны.

Нысанды жөндеген мердігер компания басшысы Тілек Махметов жатақхананың сырты мен бөлмелерін ғана емес, тұрғынжайдың алдын да абаттандыруға күш салғанын айтты. Бұрын қоқыс жәшігі тұрған орындарда жаңа ойын және workout алаңдары бой көтерген. Көлік тұрағы жаңартылған.

Жетім балаларды қамқорлығына алу мемлекетіміздің басты міндеті. Мұндай жағдайға тап болған отбасылар мен балаларға әрқашан қолдау көрсетуге дайынбыз. Әлеуметтік осал топтағы азаматтарды қолдау жалғаса береді, - деді облыс әкімі.

IMG-20240724-WA0013

Жатақхана тұрғындары атқарылған іске разы. Енді бөлмелерін ғана емес, жалпы ғимаратты күтіп ұстауға уәде етті.

Түгелбай Бисен
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале