25.06.2021, 19:13
Оқылды: 20

БҚО әкімі спортшыларды паратхэквондодан Азия чемпионатындағы жетістіктерімен құттықтады

Бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиев 2021 жылғы 12-15 маусымда Ливан елінің астанасы Бейрутта өткен паратхэквондодан Азия чемпионатының екі дүркін жеңімпазы Мәлік Мұқашевпен және жарысқа қатысушы Әсел Шәкеновамен кездесті.

D25090CE-C0C5-454F-8ED2-B32313587C62

Халықаралық турнирге әлемнің 20-дан астам елі қатысты. Бұл форматты дүниежүзілік паратхэквондо Федерациясы спорттың осы түрін танымал ету үшін қабылдады.

М.Мұқашев бірден екі алтын медаль иегері атанды. Айта кету керек, екінші алтын үшін күресте спортшы өзі үшін неғұрлым күрделі санатта өнер көрсетуге ерікті шешім қабылдады. Нәтижесінде жартылай финалда М.Мұқашев Иран өкілінен басым түсіп, финалда Түркиядан келген спортшыны жеңді.

– Осындай деңгейдегі жарыста жеңіске жету - бұл үлкен жетістік, біздің спорт үшін, сондай-ақ рухы мен мінезі мықты спортшылар үшін мақтаныш. Сіздердің жетістіктеріңіз жас ұрпақ үшін өшпес ерік-жігердің үлгісі болып табылады, - деді облыс әкімі.

B663BC63-55A1-4F3B-9266-2B2579DA3D94

М. Мұқашев спортшылар үлкен жарыстарды сағынғандарын және мұндай турнирлерге қуана қатысатынын жеткізді.

Спортшылардың жаттықтырушысы Ербол Мерғалиев А.Шакенова да чемпионатта лайықты өнер көрсеткенін және алдағы турнирлерде жеңіске жету мүмкіндігі бар екенін атап өтті.

B8EF8F3F-ED78-47A7-98B1-FCFEBF7FC83F

Өңір басшысы спортшыға ел құрамасында табысты өнер көрсеткені үшін алғыс айтып, жаңа жеңістер тіледі.

4CC67A29-50F6-4A33-ADE1-E0689A4CCFB7

Бүгінгі таңда БҚО мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубында спорттың әр түрімен 215 спортшы шұғылданады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале