30.04.2024, 19:25
Оқылды: 57

БҚО әкімі су тасқынына қарсы жұмыс істеген барша адамға алғысын айтты

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев су тасқынына қарсы жұмыс істеген барша адамға алғыс айтты. Бұл туралы Нариман Төреғалиұлы өзінің фейсбук парақшасында мәлімдеді.

InShot_20240430_192221109

Құрметті жерлестер!

Батыс Қазақстан облысында су тасқыны жағдайына байланысты наурыз айының соңында төтенше жағдай жарияланғаны баршаңызға мәлім.

Су тасқынының алдын алуға Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет тарапынан облысымызға жан-жақты қолдау көрсетілді.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, облыс тұрғындары мен еліміздің әр өңірінен келген еріктілер тасқын суға тойтарыс беру шараларына қол ұшын созып, халқымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

су орал дрон 2 (1)

Атап айтқанда, уақытылы қабылданған шаралардың арқасында Орал қаласы мен өңіріміздің 84 елді мекені су тасқынынан аман қалды.

Су тасқынына қарсы іс-шараларға жалпы саны 11 мыңнан астам адам жұмылдырылды. Оның 7 мыңнан астамы өзіміздің жерлестеріміз.

Сіздердің күштеріңіздің арқасында Жайықтың жағасында ұзындығы 150 шақырым, биіктігі 2-ден 7 метрге дейін дамбылар салынып, өзен жағасындағы қауіпті аумақтар барынша нығайтылды.

 Жұмыстарға 2 мыңнан астам техника, оның ішінде еліміздің 14 өңірінен 950-ден астам арнайы техника жұмылдырылды.

Ер азаматтар бөгет тұрғызу жұмыстарына қатысса, нәзік жандылар эвакуациялық пункттерді жасақтау мен гуманитарлық көмекті үлестеру жұмыстарын атқарды.

Құтқарушыларымыз болса, мыңдаған адамдардың өмірін сақтап қалды.

Осылайша, сын сағатта барша халқымыз ұйымшылдық танытып, бір-біріне демеу бола білді!

су орал дрон 2 (2)

Құтқарушылар, төтенше жағдай мамандары, коммуналдық қызметтер, күштік құрылымдар, еріктілер, кәсіпкерлер, қоғамдық бірлестіктер мен қарапайым тұрғындарымызға шынайы алғысымды білдіремін!

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале