Облыс әкімі Ғали Есқалиев жұмыс сапары аясында Бөкей ордасы ауданының орталығы Сайқын ауылындағы №53 сайлау учаскесінде және де Жәнібек ауданына қарасты Жақсыбай, Қамысты және Жәнібек ауылдық округтеріндегі №152, №149, №138 сайлау учаскелерінде, Казталов ауданының Ақпәтер ауылдық округіндегі №240, Казталов ауылындағы № 219 сайлау учаскелерінде, Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығында орналасқан №127, Пятимар ауылдық округіндегі №112 сайлау учаскесіндегі болып, алдағы сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты дайындық жұмыстарымен танысты.
Облыс басшысына Бөкей ордасы ауданы бойынша сайлауалды шаралар жөнінде №53 учаскенің төрағасы Ерболат Сержанов түсіндіріп, маңызды науқанға жан-жақты әзір екендіктерін баяндады.
Аталмыш учаске тізімінде 988 сайлаушы тіркелген. Оның 94-і зейнеткер болса, 15-і алғаш рет дауыс беретін жастар. 36 сайлаушы үйден дауыс бермек.
Ал Жәнібек ауданына жасаған жұмыс сапары барысында облыс әкімі Ғали Есқалиевке учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары сайлауға дайындық барысын баяндап берді.
Сонымен қатар облыс әкімі Ғали Есқалиев Казталов ауданының Ақпәтер ауылдық округіндегі №240, Казталов ауылындағы № 219 сайлау учаскелерінің жұмысымен де танысып, өзіндік ой-пікірін білдірді.
Казталов ауданы бойынша 48 сайлау учаскесі болса, барлығы да алдағы сайлауға дайын.
Жаңақала ауданына іс сапарын жалғастырған облыс әкімі Ғали Есқалиев аудандық мәдени-демалыс орталығында орналасқан №127 және Пятимар ауылдық округіндегі №112 сайлау учаскесіндегі сайлауды ұйымдастыру және өткізуге байланысты дайындық жұмыстарының барысымен де танысты.
Комиссия мүшелері санитарлық талаптарға сай толықтай қорғаныш құралдарымен, қызу өлшегіш құрылғылармен және антисептиктермен қамтамасыз етілген. Санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге екі волонтер тартылған. Дауыс беретін кабиналар құрылып, бюллет
Бөкей ордасы, Жәнібек, Казталов, Жаңақала аудандарындағы учаскелік сайлау комиссияларының жұмысына қаныққан өңір басшысы Ғали Нәжімеденұлы алдағы сайлауда сәттілік тіледі.
zhaikpress.kz