Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Батыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен облыс әкімінің орынбасары болып Қалияр Шадиярұлы Айтмұхамбетов тағайындалды.
Бұл туралы БҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгінгі күнге дейін Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының әкімі болып қызмет етті.
Қалияр Шадиярұлы Айтмұхамбетов 1969 жылы туған.
Білімі - жоғары.
Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы университетін және Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «ғалым агроном», «заң ғылымдарының бакалавры» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1986 жылы Шыңғырлау ауданы Қызылкөл совхозында жұмысшы болып бастаған.
Әр жылдары:
- Шыңғырлау ауданы Қызылкөл совхозы директорының жастармен жұмыс жөніндегі орынбасары, №2 Шоқтыбай бөлімшесінің агрономы;
- Шыңғырлау ауданы әкімі аппараты ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы;
- Шыңғырлау ауданы жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы;
- Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімінің орынбасары;
- Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.
Қалияр Айтмұхамбетов энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, ветеринария мәселелеріне жетекшілік етеді.
zhaikpress.kz