30.09.2020, 14:51
Оқылды: 261

БҚО ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқарма басшысының лауазымына Жасұлан Жолдыбайұлы Халиуллин тағайындалды.

WhatsApp Image 2020-09-30 at 12.44.16

Жасұлан Жолдыбайұлы Халиуллин – 1985 жылы туған. Білімі жоғары. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті мен Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «есеп және аудит бакалавры», «құқықтану бакалавры» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары:

– Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық қазынашылық бөлімінің жетекші және бас маманы;

– Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы департаменті экономикалық талдау, жоспарлау және жиынтық ақпарат бөлімінің бас маманы;

– Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы экономикалық талдау, жоспарлау және жиынтық ақпарат бөлімінің басшысы болып жұмыс жасады.

2015 жылдан Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале