26 наурызда қаладағы №24 орта мектептің спорт залында азаматтық қорғау қызметкерлері арасындағы волейболдан өтетін жарыстың ашылу салтанаты өтті.
Қызметкерлердің ұйымшылдығын арттыру, дене шынықтыру дайындықтарын күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатын көздеген спорттық шараға қалалық өрт сөндіру бөлімдерінің, БҚО ТЖД, Өрт сөндіру қызметі басқармасының командалары қатысты.
Жарысты БҚО ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ бастығы, азаматтық қорғау майоры Н.Селимов ашып, командаларға сәттілік және жақсы ойын тіледі.
Салтанатты шара соңынан алаңға шыққан алғашқы командалар арасында тартысты ойын өрнегі қатысушылар мен жанкүйерлердің көңілдерін көтеріп-ақ тастады.
БҚО ТЖД баспасөз қызметі