14.05.2021, 18:22
Оқылды: 26

БҚО бойынша «Алтын белгіге» 430 оқушы үміткер

«Алтын белгі» төсбелгісіне үміткерлердің емтихан жұмыстарын білім басқармалары жанындағы комиссиялар қарайтын болады. Мектептер бұрынғыдай оқу озаттарының тізімін өздері жасай алмайды.

 ааа

Комиссия емтихан жұмыстарын тексергеннен кейін нәтижелерін білім беру ұйымдарына жіберіп, мектеп директорының бұйрығымен төсбелгі иегерлерінің тізімі бекітіледі. БҚО-да 2020-2021 оқу жылында «Алтын белгіге» 430 оқу озаты үміткер болып отыр.

Биыл 11 (12) сынып оқушыларының мемлекеттік бітіру емтихандары 2021 жылғы 1-10 маусым аралығында өтеді. 12 маусымға дейін емтихан жұмыстарының қорытындысы шығарылып, «Алтын белгі» иегерлерінің тізімі бекітіледі.

2020-2021 оқу жылында 111 мыңға жуық оқушы мектептерде білім алды. Олардың 6 мыңға жуығы 11 (12) сыныпты аяқтайды.

 

Батыс Қазақстан облысының

 білім басқармасының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале