1.11.2023, 10:15
Оқылды: 76

БҚО бойынша күзде 600-ден астам адам әскерге барады

Дәл қазір облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен аппарат кеңесі өтіп жатыр. Кеңес отрысында күзгі әскерге шақыру науқанының орындалу барысы талқыланды. Жиында БҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Жақсылық Айтбаев баяндама жасады.

WhatsApp Image 2023-11-01 at 08.10.13

- Биыл күзгі әскерге шақыру науқанында 660 адамды әскерге жіберуді жоспарлап отырмыз. Бүгінде 366 адам әскерге жіберілді. Өкінішке орай Бөрлі, Сырым аудандары бойынша әскерге шақыру науқанының орындалу деңгейі төмен. Орал қаласы мен басқа аудандар жүктемені толық орындады, - деді Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Жақсылық Айтбаев.

WhatsApp Image 2023-11-01 at 08.09.48

Аймақ басшысы өз сөзінде жастарды әскерге жіберу үшін алдымен отбасындағы тәрбиені дұрыстау керектігін атап өтті.

- Жастарға үйден, дастархан басынан бастап Отан алдындағы міндет пен парызды ұғындыру керек.

Ел үшін, отбасы үшін әскери міндетті атқаруға дайын тұлға тәрбиелеу ісіне күш салу керек. Әскерге жастарды жіберу үлкен жауапкершілік. Бүгінде тапсырманы дұрыс орындамай отырған аудандар жастармен жұмысты күшейтіңіздер, - деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев.

Жанат Көшкінбай, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале