Бүгін 31-мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев, облыс әкімінің орынбасарлары, қала әкімі, депутаттар, облыстық және қалалық ардагерлер кеңесінің төрағалары қатысты.
Ескерткіш жанында бас имам Самат Әлібаев саяси қуғын сүргін құрбандарына арнап құран бағыштап, Епархиялық басқарманың хатшысы құрбандарға арналған қызметті өткізді.
Еске алу рәсімінен кейін өңір басшысы Нариман Төреғалиев пен облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Берген, облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, Орал қаласы әкімі Миржан Сатқанов, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Мұқаев, қалалық мәслихат хатшысы Есентай Қалиев, «AMANAT» партиясы БҚО филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев және облыстық мәслихат депутаты Софья Ізмұхамбетова ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
zhaikpress.kz