Дәл қазір Бәйтерек ауданына қарасты Жалын ауылында 54 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді.
Жаңа мектептің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов қатысты.
Жалын негізгі орта білім беретін мектебінің ескі ғимараты 1970 жылы салынып, жобалық қуаты 25 орынды құраған.
Кейін 1999 жылы қазақ мектебі болып ашылған.
Мердігер «KazConstrucstionGroup» ЖШС жаңа мектептің құрылысын биыл қаңтар айында бастаған.
Мектеп оқушылары бір ауысымда оқытылмақ. Білім күні алғашқы қоңырау ауылдағы 47 бала (1-4 сыныптар) үшін соғылады.
1-сыныпқа тоғыз оқушы қабылданған. Ал мектепалды даярлық тобында бес бала тәрбиеленеді. Сонымен қатар «Балдәурен» шағын орталығында 15 тәрбиеленуші бар. Мектепте 21 педагог қызмет атқарады.
Айта өтейік, жаңа ғимаратта 14 оқу кабинеті, олардың ішінде «Балдәурен» шағын орталығы, ұлдар мен қыздар шеберханасы, спортзал, кітапхана, асхана, медбике бөлмесі, зертхана (химия, биология, физика) бар.
zhaikpress.kz