Атаулы әлеуметтік көмек – бұл аз қамтылған азаматтарға және табысы төмен отбасыларға, оның ішінде көпбалалы отбасыларға берілетін ақшалай төлем.
Сурет: ашық дереккөзден
БҚО-да атаулы әлеуметтік көмекті көрсету, тағайындау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
- Біздің облыс бойынша 2022 жылы атаулы әлеуметтік көмек 3 465 отбасына оның ішінде 16 845 адамға көрсетілді. Оның ішінде 1089 көп балалы отбасы бар. Жыл қорытындысыда жалпы сомасы 1,2 млрд.теңгеге мұқтаж отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетілді дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы әлеуметтік көмек бөлімінің басшысы Алмагүл Есенғалиева.
Бұдан бөлек кепілдендірілген әлеуметтік пакет тағайындалған отбасылар бар. Кепілдендірілен әлеуметтік пакет атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларда 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға тағайындалады. Былтыр осы кепілдендірілген әлеуметтік пакетті 3 852 бала алған.
2023 жылдан бастап кепілдендірілген әлеуметтік пакет қаржы түрінде беріледі. Бұрын әр балаға азық- түлік пен тұрмыстық заттар беріліп келсе енді әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде қосымша төлем белгіленеді дейді мамандар.
Тұрмысы төмен отбасыларға көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмектен бөлек тұрғын үй көмегін облыста 1 175 отбасы алған. Ал мүгедектігі бар сабақты үйден оқитын балалардың шығынын өтеу үшін 446 отбасыға әлемуеттік көмек көрсетілген.
-Өмірдің қиын жағдайында қалған отбасылар, отбасында мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар да мемлекет назарында. Басқарма тарапынан мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес заң аясында мұқтаж жандарға көрсетілетін көмек түрлері уақтылы ұйымдастырылып келеді. Мысалы, өткен жылы жергілікті өкілетті органдардың шешімімен өмірлік қиын жағдайдағы 25 876 адамға 1,5 млрд.теңгеге көмек көрсетілді. Бұдан бөлек 8 434 отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді деп атап өтті облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы әлеуметтік көмек бөлімінің басшысы Алмагүл Аманжолқызы.
zhaikpress.kz