8.01.2024, 16:00
Оқылды: 1605

БҚО-да 14 мектеп директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Бұл туралы БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

прокуратура1

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесінде кәмелетке толмаған оқушылардың мектепте тыйым салынған интернет-контенттерге еркін қол жеткізу фактісі анықталған.

Яғни, мониторинг барысында 14 мектептің информатика кабинеттеріндегі компьютер арқылы кәмелетке толмағандардың әр түрлі суицид пен зорлық-зомбылық көріністері бар сайттарға еркін кіргендігі белгілі болды.

Осылайша жол берілген бұзушылықтар үшін облыстың білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне прокурорлық қадағалау актісі енгізілген. Нәтижесінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 409-бабы 7-2-бөлігі бойынша 14 мектеп директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бүгінгі таңда ауданның барлық білім беру мекемесінде осындай интернет-сайттарға кіруге шектеулер қою үшін жұмыс жүргізіліп жатыр.

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале