БҚО-да жалпы құны 2,4 трлн. болатын 126 жаңа инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл 2000-нан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялық қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО әкімінің бірінші орынбасары М.Манкеев баяндады.
Соңғы 3 жылда негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 401,6-дан 584 млрд. теңгеге дейін өсіп, яғни 1,5 есе артқан. Инвестициялардың негізгі үлесі-70%-ы тау-кен өндірісіне келеді.
Ағымдағы жылдың 2 айының қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 3 есеге артып, 102,6 млрд. теңгені құраған.
- Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлеміндегі шетелдік инвестициялардың үлесі 91,3% құрады. Батыс Қазақстан облысы негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлеміндегі шетелдік инвестициялардың үлесі бойынша республикада 1-орын алады, - деді Мұхтар Наурызбайұлы. - Өткен жылы 500 жұмыс орнын құрумен жалпы құны 354,2 млрд.теңгеге 10 ірі жоба пайдалануға берілді.
Жалпы, бүгінде облыста жалпы құны 2,4 трлн. болатын 126 жаңа инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл 2000-нан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Соның ішінде 2020 жылы 370 млрд. теңге игеріліп, 1600 жұмыс орнын құрумен 102 жобаны іске қосу жоспарлануда.
Оның ішінде құны 700 млн. теңге болатын «Кублей» ЖШС-нің теріні қайта өңдеу цехы және жоба құны 7 млрд. теңге болатын «Орал жылыжай комбинаты» ЖШС-нің жылыжай кешені сияқты жобалар аяқталуда.
zhaikpress.kz