25.09.2024, 16:45
Оқылды: 65

БҚО-да 29 азаматтың құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі – халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету. Бұл ретте қызмет алушылардың құқығын қорғауға ерекше назар аударылады, деп хабарлайды Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті.

ЖП, әкімдік акимат

Осы ретте департамент қызмет алушылар құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында арыз-шағымдарды қарау кезінде қызмет алушылардың уәждері расталған жағдайда бұзылған құқығын қорғау бойынша тиісті ұсынымдар жолданады.

Бүгінгі күні департаменттің шағымдарды қарауы барысында қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қарқынды жүргізіліп жатыр.

Атап айтсақ, осы жылдың өткен кезеңінде шағымдарды қарау нәтижесінде департамент 29 қызмет алушының құқығын қорғады.

Мысалы, бір кәсіпкер өз кәсібін кеңейту мақсатында сауда-саттықты талап етпейтін жолмен жер учаскесіне құқық беруді сұраған, жергілікті атқарушы органдар одан негізсіз бас тартады. Осы орайда қызмет алушы құқығын қорғау үшін департаментке шағымданды.

Департамент кәсіпкердің шағымын қарау нәтижесінде негізсіз бас тарту фактісін растап, кәсіпкердің өтінішін қайта қарап заңды шешім шығару туралы ұсыныс жолданды. Нәтижесінде жер учаскесіне құқық беру туралы оң шешім қабылданды. Сонымен қатар заң бұзушылықтарға жол берген кінәлі лауазымды тұлғалар тиісті жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ осы жылы департаментпен қашықтықтан бақылау жүргізу нәтижесінде 14 қызмет алушының құқығы қорғалды.

Осылайша сыртқы байқау жүргізу барысында Е-лицензиялау ақпараттық жүйесінде жер учаскесіне құқықтар алу туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімі бұзылғаны анықталды.

Атап айтқанда қызмет алушыға жауап берілмеген. Департамент заң бұзушылықтарды жою бағытында ұсынымдар беріп кінәлі лауазымды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау жұмысын тиісті деңгейінде жүргізу департаменттің назарында болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале