11.03.2022, 9:10
Оқылды: 38

БҚО-да 3 көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында үш көлік соқтығысып, 2 жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220311090142768e

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 10 наурыз күні шамамен сағат 17.15-те Самара-Шымкент тасжолында Сырым ауданы Алғабас ауылы маңында болды.

«КамАЗ» және DAF жүк көлігі соқтығысты. Соның салдарынан DAF көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Құтқару жұмыстары кезінде «КамАЗ» автокөлігін тізгіндеген 35 жастағы жүргізуші есін жимастан, қайтыс болды. Содан кейін сол тұстан өтіп бара жатқан «ВАЗ-2115» жеңіл автокөлігі тоқтап тұрған «КамАЗ»-бен түйіскен. Жеңіл көліктің 21 жастағы жүргізушісі, 55 және 36 жастағы екі жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда боранға байланысты Атырау және Ақтөбе бағытындағы жолдар жабылғанын жазған болатынбыз.

2203110902292364g

2203110902303465g

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале