Қазіргі уақытта су тасқынына қарсы жұмыстарға төтенше жағдайлар департаментін жергілікті атқарушы органдар, ҚР Қорғаныс министрлігі, Ұлттық ұлан және ҚР Ішкі істер министрлігінен 998 адам, 300 бірлік техника, сондай-ақ ТЖД және жергелікті атқарушы атқарушы орғандардан 124 мотопомпа жұмылдырылған.
Бұл туралы БҚО ТЖД-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Облыс бойынша 25 наурыздан бері 453 мың текше метр еріген қар суы сорылып, инертті материал салынған 42 950 дана қап төселген.
Қардың қарқынды еруі және жауын-шашынның көп жаууы, кәріз ағындарының нәтижесінде, барлығы 455 тұрғын үй су астында қалған.
Бүгін түнде Батыс Қазақстан облысына Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 46 адам көмекке келіп, 5 техника, 8 мотопомпа және 2 қайық әкелінген.
Олар Орал қаласы және Бөрлі ауданындағы су тасқынын тоқтауға тартылған.
Шыңғырлау өзені деңгейінің көтерілуіне байланысты елді мекендерді су басу қаупі туындады.
Қазіргі уақытта Бөрлі ауданының Ақсу кентінде 161 адам қауіпсіз жерге көшірілді.
28-і күні ҚР Қорғаныс министрлігінің екі тікұшағымен Қаратөбе ауданының 271 тұрғыны эвакуацияланды. Осы уақытта Қаратөбе ауданында эвакуация жалғасып жатыр.
Теректі ауданында инженерлік жұмыс, ал Сырым ауданында еріген қар суын сору жұмысы жүргізіліп жатыр.
Оралда, Қаратөбе, Сырым, Бөрлі және Теректі аудандарында жергілікті ауқымда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған болатын.
Аймақтағы жағдай облыс әкімі және БҚО ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушының бақылауында тұр.
Фото: БҚО ТЖД баспасөз қызметінен
zhaikpress.kz