29.03.2024, 14:30
Оқылды: 51

БҚО-да 455 тұрғын үй су астында қалған

Қазіргі уақытта су тасқынына қарсы жұмыстарға төтенше жағдайлар департаментін жергілікті атқарушы органдар, ҚР Қорғаныс министрлігі, Ұлттық ұлан және ҚР Ішкі істер министрлігінен 998 адам, 300 бірлік техника, сондай-ақ ТЖД және жергелікті атқарушы атқарушы орғандардан 124  мотопомпа жұмылдырылған.

Бұл туралы БҚО ТЖД-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Су таскыны сырым 2024

Облыс бойынша 25 наурыздан бері 453 мың текше метр еріген қар суы сорылып, инертті материал салынған 42 950 дана қап төселген.

Су таскыны сырым 2024

Қардың қарқынды еруі және жауын-шашынның көп жаууы, кәріз ағындарының нәтижесінде, барлығы 455 тұрғын үй су астында қалған.

Су сырым 2034

Бүгін түнде Батыс Қазақстан облысына Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 46 адам көмекке келіп, 5 техника, 8 мотопомпа және 2 қайық әкелінген.

Олар Орал қаласы және Бөрлі ауданындағы су тасқынын тоқтауға тартылған.

Су таскыны сырым 2024

Шыңғырлау өзені деңгейінің көтерілуіне байланысты елді мекендерді су басу қаупі туындады.

Қазіргі уақытта Бөрлі ауданының Ақсу кентінде 161 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

28-і күні ҚР Қорғаныс министрлігінің екі тікұшағымен Қаратөбе ауданының 271 тұрғыны эвакуацияланды. Осы уақытта Қаратөбе ауданында эвакуация жалғасып жатыр.
Теректі ауданында инженерлік жұмыс, ал Сырым ауданында еріген қар суын сору жұмысы жүргізіліп жатыр.
Оралда, Қаратөбе, Сырым, Бөрлі және Теректі аудандарында жергілікті ауқымда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған болатын.
Аймақтағы жағдай облыс әкімі және БҚО ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушының бақылауында тұр.

Фото: БҚО ТЖД баспасөз қызметінен

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале