Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкіметтің» БҚО-дағы филиал директоры Нәдір Құрымбаев өзінің instagram парақшасында жазды.
«Қазақтың қазақ екенін тегінен ақ тануға болады. Қазіргі таңда ата-аналар балаларының тегін қазақыландыруға мән беріп, тектеріне бұрын жалғанып келген «ов», «ев» қосымшаларынан арылуда. Өткен 2023 жылда рәсімделген туу туралы куәліктердің 80%-нан астамында тектеріне -ов, -ев, -ова, -ева қосылмаған. Сондай-ақ аймақта 5241 адам ұлттық дәстүрге сай атасының және әкесінің атын тек қылып жаздырып, құжаттарын рәсімдеген», - деп жазады Нәдір Шамұратұлы.
Оның жазуынша, Оралда - 3 669 адам, аудандарда - 1572 адам тегін қазақ тілінде жаздырған.
Ал 16 жасқа дейін және 16 жастан асқан тұрғындардың 230-ы тегіне өзгеріс енгізіп, қайта құжат алған. Оның басым бөлігі қала тұрғыны болса, 70-і аудандарда тұрады.
zhaikpress.kz