23.02.2024, 10:30
Оқылды: 7

БҚО-да 5241 адам жеке куәлігін қазақ тілінде рәсімдеген

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкіметтің» БҚО-дағы филиал директоры Нәдір Құрымбаев өзінің instagram парақшасында жазды.

JP Цон

«Қазақтың қазақ екенін тегінен ақ тануға болады. Қазіргі таңда ата-аналар балаларының тегін қазақыландыруға мән беріп, тектеріне бұрын жалғанып келген «ов», «ев» қосымшаларынан арылуда. Өткен 2023 жылда рәсімделген туу туралы куәліктердің 80%-нан астамында тектеріне -ов, -ев, -ова, -ева қосылмаған. Сондай-ақ аймақта  5241  адам ұлттық дәстүрге сай атасының және әкесінің атын тек қылып жаздырып, құжаттарын рәсімдеген», - деп жазады Нәдір Шамұратұлы.

Оның жазуынша, Оралда - 3 669 адам, аудандарда - 1572 адам тегін қазақ тілінде жаздырған.

Ал 16 жасқа дейін және 16 жастан асқан тұрғындардың 230-ы тегіне өзгеріс енгізіп, қайта құжат алған. Оның басым бөлігі қала тұрғыны болса, 70-і аудандарда тұрады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале