Елімізде күзгі әскерге шақыру кезеңі басталады. Қазақстанда мерзімді әскери қызмет міндетін өтеу уақыты – 1 жыл. Әскерге шақыру науқаны желтоқсанның аяғында аяқталады.
Сурет: el.kz
– Биылғы күзгі БҚО-дан 600 адам әскерге шақырылады деп жоспарланып отыр. Биыл көктемгі әскери шақыру науқанында әскерге аттанған 505 сарбаз қазір міндеттерін абыроймен атқарып жүр, - дейді БҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Альберт Бекмұханов.
Әскердегі қызмет – әрбір ер адамның ар-намысы мен ұстанымының ісі.
– БҚО-да да жастарды әскерге жіберу ісі қарқынды жүргізіліп келеді. Отан алдындағы борышын өтеуді парыз санайтын әр азамат әскери міндетін орындаудан қашпайды, - дейді әскерилер.
Алайда әскери міндетін орындағысы келмейтіндер де болады.
Мәселен 2022 жылы әскери міндетін орындаудан бас тартқан 102 азаматқа айыппұл салынып, 132 азаматқа әкімшілік ескерту берілген.
zhaikpress.kz