24.08.2018, 19:04
Оқылды: 54

БҚО-да «7-20-25» бағдарламасы бойынша баспана беру баяу жүруде

fd8fbca6-69cf-40c3-ba37-1c9ea5aea920Бұл жөнінде «Нұр Отан» БҚО филиалының мәжіліс залында өткен облыстық қоғамдық кеңесінің отырысында айтылды. Кеңес отырысында Президенттің бес әлеуметтік бастамасының іске асырылуы талқыланды.


 

ҚР Ұлттық банкінің облыстық филиалы директорының орынбасары Сергей Родиннің мәліметінше, «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үй алуға 39 өтінім түсіп, 15 адамға несие берілген. Облыс бойынша «Банк Центр крдеит», «АТФ Банк», «Цесна банк», «Еуразия банкі» АҚ-лары ипотекалық несие береді. Бұл бағытта бағдарлама ең алғаш қосылған соң, басқа банктерге қарағанда, «Банк Центр крдеит» АҚ өте белсенді. Қазіргі уақытта «Қазақстан Халық банкі», «Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі», «Форте Банк», «Сбербанк» бағдарлама ауқымында ипотекалық займ беруге дайындалуда. Республика бойынша «7-20-25» арқылы 1,9 млрд. теңгеге 1026 өтінім мақұлданған. Біздің облыста берілген несиенің көлемі аталған соманың төрт пайызын құрайды.

9777d95c-744c-4d1b-b6e3-eab6c0108ceeОблыстық құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлібек Антазиевтің мәліметінше, өңірде 12 көп қабатты үй салынуда. Соның қатарында бесеуінің құрылысы аяқтала келген. «7-20-25» бағдарламасы ауқымында осы бес үйден тұрғындар пәтер алуына мүмкіндік бар.

– Облыста «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы бойынша несие беру қарқыны көңіл көншітпейді. Елбасы халықты баспанамен тездетіп қамтуды тапсырды. Бағдарламаның қарқынды жүзеге аспай жатқанының себебін іздеуіміз керек. Тұрғындар үшін 20 пайыз жарнаны жинау қиын немесе несиені төлеп отыруға жалақысы жетіспейді. Ипотекалық несие алған 15 адамның тұрғын үй кезегінде тұрғанын-тұрмағанын анықтау қажет. Егер, үй кезегінде тұрғандар болмаса, онда бағдарлама нәтижесі көпке тиімсіз болғаны, – деді «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі, кеңес отырысының төрағасы Серік Сүлейменов.

Кеңес отырысында облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалым Бекқалиев Орал және Ақсай қалаларында өнімді кәсіпкерлікпен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша микронесиелерді беру жайын баяндады.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Ернар Бекетовтың айтуынша, облыста орташа 25 айлық есептік көрсеткіштен төмен жалақы алатын 67 мыңнан астам адам бар. Екінші бастама бойынша олардың еңбекақысындағы салық жүктемесін 1%-ға азайтуға мүмкіндік алады. Жыл соңына дейін  жеке табыс салығынан жергілікті бюджетке түсетін қаражаттың болжамды мөлшерінен 1,2 млрд. теңге шегерілуі мүмкін.

Елбасының үшінші бастамасы бойынша студенттерді жатақханамен қамту жайы көтерілді.Облыстық құрылыс басқармасына жеті колледжден өтініш түскен. Соған байланысты жатақханаларға арналған бес ғимаратты салу жоспарлануда. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттама жасауға қаражат бөлінді. Құрылыс жұмыстары 2019-20 жылдары жүргізілетін болады. Бұл жайында облыстық құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлібек Антазиев айтты.

Нұртай Текебаев

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале