-Бүгінде облыста 8 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде 2 мектеп жеке инвесторлар есебінен салынады. Жыл соңына дейін 5 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Осылайша облыстағы апатты мектептер мен үш ауысымдық мектептерді мәселесін шешеміз, - деді Орталық коммуникациялар қызметінде сөйлеген сөзінде БҚО әкімі Ғали Есқалиев.
-Бұдан бөлек дамуында ақауы бар балаларды оқыту, тәрбиелеу ісі өзекті. Бұл бағытта облыс орталығында аутизмге шалдыққан балаларды оқытатыны орталық ашылды. Ақыл-ой дамуында тежеуі бар балалар мамандық игеріп, еңбекке араласуы үшін мектеп жанынан колледж ашылды, - деді Ғ.Есқалиев.
Облыстағы спорттық нысандар да жаңартуды талап етеді. Биыл 6 дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен 10 спорттық алаңның құрылысы жүріп жатыр.
-Былтыр ел игілігі үшін 7 дене шынықтыру кешені, кәсіпкерлер есебінен 6 спорт кешені, 2 спорт зал қолдануға берілді, - деп мәлімдеді облыс әкімі Ғали Есқалиев.
zhaikpress.kz