2.12.2021, 15:44
Оқылды: 94

БҚО-да 77 мектеп салынбақ

БҚО әкімі Ғали Есқалиев коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде білім саласына тоқталып, басты мәселелер туралы айтып өтті.

19

-Білім саласында Мемлекет басшысының 2025 жылға дейін 1000 мектеп салу тапсырмасы бойынша өңірде 77 мектеп салуды жоспарға енгіздік.

Бұл ретте қаладағы мектептер мәселесін шешуге жеке инвесторлар тартуды көздеп отырмыз. Күні бүгінге Орал қаласында жеке инвесторлар 2 мектеп салып жатыр. Сонымен бірге республикалық физика-математика мектебінің филиалы мен «125 Highschool» жеке мектебі ашылды.

Ал ауылдағы мектептер мәселесін бюджет қаражаты мен жеке инвесторлар арқылы шешетін боламыз. Ол үшін 60 және 108 орындық мектептердің жобалары дайындалды,- деді Ғ.Есқалиев.

16

Сонымен қатар, аймақ басшысы жалпы Тәуелсіздік жылдары 70 мектеп және 20 балабақша салынып, 107 жеке балабақша ашылғандығы туралы айтып өтті.

Жанбота Жәрдемова,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале