11.03.2024, 16:59
Оқылды: 43

БҚО-да 8 наурыз мерекесі күні 142 құқық бұзушылық тіркелген

Күні кеше ғана 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі күні аталып өтті.  Әдеттегідей мереке күндері БҚО полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген режимде жұмыс істеді.

Полиция ЖП

- 8 наурыз күні 142 әкімшілік құқық бұзушылық фактісі тіркелді. Мұның ішінде ұсақ бұзақылық фактісі 21, ішімдік ішкені үшін 24 әкімшілік іс тіркелді. Қоғамдық орындарда ішімдік ішкені үшін бір тәулікте 51 адам айықтырғышқа жабылды, - деп мәлімдеді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жанат Көшкінбай, 

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале