30.07.2019, 19:35
Оқылды: 50

БҚО-да адам саудасына қатысты 4 қылмыс тіркелген  

Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен 30 шілде Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні болып жарияланды. Осыған сәйкес БҚО полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері «Адам саудасына қарсы бірге күресейік!» атты іс-шара өткізді. Шараның мақсаты жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мәдени-ағарту және іс-шараны ақпараттық-насихаттау болып табылады.

adam saudasy (1)

Аталмыш іс-шара демалыс уақытында жүрген оқушы балалар үшін «Еуразия» сауықтыру кешенінде, «Самал» жасөспірім лагерінде және жетім балалар тәрбиеленетін балалар ауылында ұйымдастырылды.

Шараға БҚО білім басқармасының бас маманы А.Залмұқанова және адамдардың құқығын қорғау және заңдылықты сақтау қазақстандық халықаралық бюросының батысқазақстандық филиалының директоры П.Кочетков қатысып, тақырып аясында балаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кейін оқушыларға тағдыр тәлкегіне түсіп, адамның арбауында қалған қыздың өмірі жөнінде бейнеролик көрсетілді. Шара соңында адам саудасының алдын алу мақсатындағы үлестірмелі парақшалары таратылды.

adam saudasy (3)

Айта кетейік, облыс бойынша ағымдағы жылдың басынан адам саудасына қарсы күрес бағыты бойынша 4 қылмыс тіркелген: оның 1-еуі - жасөспірімдерді жезөкшелікке тарту, 1-еуі - жезөкшелік қызметіне тарту және 3-еуі - жеңгетайлықпен айналысу. Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 1-бөлімі (жыныстық сипаттағы қызмет ұсыну мақсатында қоғамдық орындарда тиісу) бойынша 17 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

adam saudasy (2)

Қазақстан Республикасы ІІМ нұсқауына сәйкес, БҚО аумағында тоқсан сайын «STOP трафик» жедел алдын алу іс-шарасы ұйымдастырылады.

БҚО ПД баспасөз қызметі

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале