БҚО білім басқармасы «Дарын» қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін 9-10 сынып оқушылары арасында "Ұрпаққа ұран болған - Ұлы жеңіс" атты облыстық ағылшын тілі пәні бойынша қашықтық шығармалар байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты - мектеп оқушыларының интеллектуалды, шығармашылық пен ойлау қабілеттерін айқындау мен дамыту, дарынды оқушыларды қолдау білдіру.
Қашықтан өткізілген байқауға облыс бойынша 181 оқушы қатысты.
Байқау қорытындысында 9-сыныптар арасында Ө.Сахипов атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің 9-сынып оқушысы Құтиева Перизат (Жәнібек ауданы), Т.Жароков атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің 9-сынып оқушысы Нұрқаятова Жансәуле (Жәнібек ауданы), Новопавлов жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Киселева Ангелина Теректі ауданы жеңімпаз атанса, 10-сынып оқушылары арасында Абай атындағы мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Ескалиева Камила (Ақжайық ауданы), М. Ықсанов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-балабақша кешенінің 10-сынып оқушысы Жәрдем Дария (Жәнібек ауданы), Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Иосифова Диляра (Сырым ауданы), Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С. Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінің 10-сынып оқушылары Адлханова Аружан, Беккалиева Гулшат;
№37 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Сейтмуханова Альмира (Орал қаласы), №37 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Сарсембиева Гульназ (Орал қаласы) үздік деп танылып, жеңіс тұғырынан көрінді.
БҚО білім басқармасы баспасөз қызметі