«Jas Otan» жастар қанаты БҚОФ «Ақ халатты абзал жандар ауырмасын!» акциясын бастады. Акцияның мақсаты - Covid-19 дертімен ауырып жатырған жандарға емдік шараларын көрсетуші дәрігерлерге қолдау көрсету.
Акция аясында еріктілер күн сайын облыстық, қалалық жұқпалы аурулар аурухананасына 20 литр қымызды тегін таратуда.
Акция 30 күнге жалғасады.
- Ақ халатты абзал жандардың иммунитетін көтеру мақсатында барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, арнайы құтыдағы қымыздарды ауруханаларға тараттық. Аталмыш акцияны қолдауда «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаевтың еңбегі ересен.
Облыс дәрігерлеріне күнделікті қымыз таратып отырған «Жайлау» шаруа қожалығына алғысымыз шексіз, - дейді «Jas Otan» ЖҚ БҚОФ төрағасының орынбасары Ерлік Шамғали.
zhaikpress.kz