Мемлекет басшысының 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес, барлық деңгейдегі әкімдер 2021 жылдың бірінші тоқсанында халық алдында есеп беру кездесулерін өткізеді.
Аудан және Орал қаласының әкімдерінің есептері 3-16 ақпан аралығында, ал облыс әкімінің қорытынды есеп беру кездесуі 20 ақпан күні өтеді.
Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында есеп беру кездесулері онлайн режимінде өткізіледі. Облыс және қала әкімдерінің есеп беру кездесулері тікелей эфир форматында облыстық телеарна мен әкімдіктің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында ұйымдастырылады. Тұрғындардың есеп беру кездесулеріне онлайн түрде қатысу тәртібі мен тікелей эфирге сілтемелер туралы кейінірек хабарланатын болады.
Халықтың ұсыныстарын, ескертулері мен пікірлерін жинауды қамтамасыз ету үшін әкімдік ғимараттарында тұрғындардың сұрақтарын жинауға арналған арнайы жәшіктер орнатылады.