БҚО ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері алаяқтық қылмыстарын жасауға күдікті дропперлерді іздеп, тартумен айналысқан азаматтың заңсыз әрекетін тоқтатты, - деп жазады Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі.

Тергеу барысында күдіктінің белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды тауып, оларға ақшалай сыйақы ұсынғаны анықталды. Ол аталған адамдарға банктен есепшоттар мен карталарды ресімдеп, верификациядан өтіп, кейін сол адамның есепшотын қолдануды өзіне беруді ұсынған.
Барлығы 40-қа жуық дроппер анықталды. Кейін олардың банктік есепшоттары мен карталары азаматтардан интернет-алаяқтық арқылы ұрланған ақшалай қаражатты аудару үшін пайдаланылған.
Тінту барысында күдіктіден 732 мың теңге, 14 телефон, SIM-карталар мен банк карталары тәркіленді.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпас шараны санкциялады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда, қосымша эпизодтар мен дропперлік қызметке қатысы болуы мүмкін өзге де тұлғалар анықталуда.
Осы ретте полиция азаматтарға банктік шоттар мен карталарды үшінші тұлғаларға беру үшін ресімдеу, сондай-ақ сыйақы үшін мобильді банкингке қолжетімділікті ұсыну қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.