БҚО аумағында интернет арқылы алаяқтық жасаған қызылордалық тұрғынды киберпол өкілдері қолға түсірген.
- Қазір сегіз эпизодтан тұратын қылмыстық іс сотқа жөнелтілді, - деді Орал қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Амангелді Джуманиязов.
Жалпы киберпол полицейлері бүгінгі күнге дейін 150-ден астам істі тергепті.
- Қазіргі уақытта 88 қылмыстық іс тергеліп жатыр, - деді Амангелді Джуманиязов.
Интернет алаяқтарына көбіне егде жастағы адамдар алданады екен. Бүгінде алақтардан келген шығын 1 миллионнан 10 миллионға дейін барған.
Полиция өкілдері әр адамға өте мұқият болуды ескертеді.
Орал қаласында жұмыс істеп тұрған киберполдың алаяқтардан түсетін қоңырауды тез анықтауға және ізіне түсуге мүмкіндігі бар.
- Олар ең соңғы технологиямен жабдықталған, - дейді мамандар.
Сонымен қатар полиция өкілдері egov.kz ашық дерекөзіндегі жеке ақпараттарды блоктап қоюды сұрайды.
Сонда алаяқтардың қолына қажетті ақпарат түспейтін көрінеді.
Жанат Көшкінбай,
zhaikpress.kz