Warning: session_start(): open(/tmp/sess_2ko4cdgahr5dtgspr8j0mc8tna, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - БҚО-да алаяқтықтың 10 эпизодына қатысы бар күдікті ұсталды - официальные новости ЗКО
16.01.2025, 16:30
Оқылды: 230

БҚО-да алаяқтықтың 10 эпизодына қатысы бар күдікті ұсталды

БҚО-да алаяқтықтың 10 эпизодына қатысы бар күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5e45f361-adb8-4f73-9d6a-099ac1069c05

Сурет: Polisia.kz.

БҚО-да полиция қызметкерлері керме төбе орнату (натяжной потолок) қызметін ұсыну арқылы бірнеше азаматты алдаған ер адамды ұстады. Алаяқ алдын ала төлем алып, міндеттемелерін орындамаған. Алдын ала төлемдердің сомасы 15 мыңнан басталып 118 мың теңгеге дейін болған. Қазіргі уақытта алаяқтық фактілері бойынша 10 эпизодқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Алданғандар Теректі, Бөрлі аудандарының және  Орал қаласының тұрғындары. Жалпы келтірілген шығын сомасы шамамен 500 мың теңгені құрайды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда алдын ала тергеу жүргізілуде.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале