3.07.2024, 15:46
Оқылды: 200

БҚО-да алдағы күндері 40-42 градусқа дейін күн ысуы мүмкін

Батыс Қазақстанда алдағы күндері 42 градусқа дейін күн ысиды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

22CF5CB8-85E5-4532-A160-EBDF4D74776E

Фото: istockphoto.com

«4 шілде күндіз БҚО-да 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар. Орал қаласында күндіз 35-37 градус қатты ыстық болады. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

4-6 шілдеде күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде 40-42 градус қатты ыстық күтіледі», делінген хабарламада.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале