3.04.2024, 21:42
Оқылды: 91

БҚО-да апаттық-құтқару жұмысы жалғасып жатыр

Осы кезге дейін өңірде 500 үйді су басты. Бұл туралы БҚО ТЖД жедел штабы хабарлайды.

Су Орал 2024

Батыс Қазақстан облысы әкімінің 2024 жылғы 1 сәуірдегі №6 шешімімен жергілікті жерде табиғи төтенше жағдай жарияланды.  Орал қаласында, сондай-ақ облыстың 4 ауданында табиғи сипаттағы жергілікті төтенше жағдайлар жарияланды.

Қазіргі уақытта 26 учаскесін су шаюда. 51 учаскеде су тасып жатыр. Су шайған жолдардың басым бөлігі жергілікті маңызы бар жолдар. 10 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды. (Қаратөбе ауданы (8) – Сулыкөл ауылы, Үшана ауылы, Төлен ауылы, Темірбек ауылы, Қосбаз ауылы, Аққозы ауылы, Қоржын ауылы, Ақтайсай ауылы; Теректі ауданы (1) – Дуана ауылы; Шыңғырлау ауданы () 1) – Ақтау ауылы). Аталған елді мекендерде азық-түлік дүкендерінде ек аптаға жететін азық-түлік жеткізілді.

Күн сайын аапаттық-құтқару жұмысына 2000-нан астам ТЖ қызметкерлері, әскери бөлімдер, ПД және ТЖД қызметкерлері, 400-ден астам техника, 100-ден астам су айдау жабдықтары және 15 бірлік жүзу құралдары жұмылдырылған.

Бүгінгі күні қауіпсіз жерге 6516 адам көшірілді. Оның 19-ы мүмкіндігі шектеулі жандар болса, 3469-ы бала.

Эвакуациялау пунктеріне 1197 адам орналастырылды (оның 719-ы ересектер және 478-і балалар) және 5319 адам туыстарын паналауда.

04.03.2024 ж. сағат 03.10-да «Покатиловка» ММ басшысынан Ұзынкөл су қоймасындағы бөгеттің ұзындығы шамамен 100 метр, биіктігі 50 см болатын жоғарғы бөлігі эрозияға ұшырағаны туралы ақпарат түсті.

Ол жерден Ұзынкөл 7 км. Юбилейныйға дейін 22 км, Жаңа өмір ауылына дейін 26 шақырым, Барбастау 30 шақырым, Кемер 50 шақырым. Су ауылға қарай ағып жатыр. Су Ұзынкөлге шамамен 45 минутта жетеді. Ұзынкөлде 155 адам қалды, оның ішінде: 136 ер, 19 әйел.

2 сәуір сағат 17.20-дағы ақпарат бойынша Самал-3 ауданын су басу қаупі туралы хабарлама түсті. Саяжай учаскелері мен елді мекендерге су келіп жатыр.

«Самал» ықшамауданының тұрғындарын хабардар ету мақсатында үй-үйді аралап, эвакуациялау шаралары басталды.

Ол жақтағы Штаб «Суровский» дүкенінің алдына орналастырылды. Қазіргі уақытта адамдар жиналып, эвакуация басталды.

3 сәуірдегі сағат 01.20-дағы ақпарат бойынша Орал қаласы Самал ауданы Шаған өзенінің су деңгейінің қауіпті деңгейге көтерілуіне байланысты саяжай учаскелерінің маңында су басу қаупі бар.

Шаған өзеніндегі су деңгейінің қауіпті деңгейге көтерілуіне байланысты сол маңда орналасқан саяжай учаскелері мен «BILIM-INNOVATION» мектеп-интернатының ғимараттары маңында су басу қаупі бар.

Бәйтерек ауданына қарасты Махамбет ауылын су басуда. Ресей Федерациясының Орынбор облысынан келіп жатқан су Шаған өзенін толтыруда. Соның салдарынан Чувашинское гидрологиялық стансасындағы су деңгейі көтеріледі. Су тасқынының шарықтау шегі 5-7 сәуірі аралығында күтілуде. Бәйтерек ауданының ауылдары және саяжай учаскелері су басу қаупі күшейді. Ресей Федерациясының Саратов облысынан келетін су Казталов ауданындағы Үлкен Өзендегі су деңгейі көтеріп жатыр. Бұл аймақтағы тасқынының шарықтау шегі 5-7 сәуірі аралығында күтілуде. Қазталов және Жаңақала ауданына қарасты ауылдарды су басу қаупі бар.

Жайық өзеніндегі гидроөлшеу құрылғыларындағы көрсеткіш бойынша су деңгейі 850 см-ді көрсетіп тұр. Қауіпті деңгейі 850 см. Биыл Жайық өзеніндегі мұздың толық еруі сәуір айының 7-сіне дейін өтеді. Су тасқынының шыңы сәуірдің екінші жартысында болады.

Орал қаласы, Бөрлі ауданындағы Димитрово, Бәйтерек ауданындағы Трекин ауылы және өзендердің саласындағы саяжай учаскелерін су басу қауіпінде бар.

Қазіргі уақытта апаттық-құтқару жұмысы жалғасуда және бақылауда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале