Бұл туралы БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің 101 пультіне, 20 маусым сағат 17.28-де Теректі ауданы Пойма ауылының Шевченко көшесі мекен жайынан қоңырау түскен.
Төтеншеліктер оқиға орнына келген соң, көрсетілген мекен жайда, нақтырақ айтсақ, май зауытының аумағында 2011 жылы туған баланың қолын арматурамен тесіп өткені белгілі болған.
Жедел келген құтқарушылар баланың қолын арматурадан босатып, сағат 18:20-да міндеттерін толық аяқтады.
Құтқарылған баланы жедел жәрдем қызметіне тапсырды.
Оқиға орнында БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының бір техникасы мен төрт қызметкері жұмыс атқарды.
zhaikpress.kz