29.09.2018, 12:53
Оқылды: 48

БҚО-да «Ашық әкімдік» шарасы өтті (ФОТО)

Бүгін Орал қаласындағы Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының фойесінде кезекті «Ашық әкімдік» шарасы өтті.

ашык 2 (3)

Ашық есік күнінде облыс әкімі Алтай Көлгінов, Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев, облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық басқармалар мен департаменттер басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері азаматтарды қабылдап, олардың мәселелері бойынша сауалдарға жауап берді.

Бұл жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын қамтамасыз ету бағытында БҚО әкімдігі ұйымдастырған биылғы үшінші "Ашық әкімдік", жалпы осы уақытқа дейін барлығы жеті қоғамдық қабылдау ұйымдастырылған. Осы уақыт ішінде батысқазақстандықтар бұрынғыша апталап кеңсе табалдырығын тоздырмай, мәселені санаулы минут ішінде шешіп беретін "Ашық әкімдік" шарасының тиімділігін бағалап та үлгерген.

Бұл жолы да келушілердің қатары әдеттегідей мол болды. Сағат таңертеңгі тоғызда басталатын шараға бір-екі сағат бұрын келіп кезекке тұрған, аудан-ауылдан арнайы келген жұртшылықтың сан түрлі бағыттағы сауалдарына қырықтан астам мемлекеттік мекеме-ұйым басшылары жауап берді.

Тұрғындарды толғандырған мәселердің дені тұрғын үй мен жер кезегі, жол жөндеу және кәсіпкерлікке қолдау көрсету мәселелері. Жыл өткен сайын сұрақтардың жеке мәселеден гөрі, жалпы сипат алып келе жатқаны қуантады. Бұған дейін ұйымдастырылған "Ашық әкімдік" шарасынан оң нәтиже алып, ендігі кезекте ауылдастарының немесе көршілерінің аманатын арқалай келген азаматтарды жиі жолықтырдық. Әдеттегідей облыс әкімі Алтай Көлгіновтің қабылдауына келушілер қатары көп болды. Үш сағат тапжылмай отырып, әр азаматтың өтініш-шағымына құлақ түрген Алтай Сейдірұлы орынбасарлары мен сала басшыларына тиісті нұсқаулықтар мен тапсырмалар берді.

Бүгінгі "Ашық әкімдік" шарасына барлығы 250-ге жуық адам келіп,олардың 20-сы облыстық жер қатынастары, 25-і энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, 10-ы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, 10-ы денсаулық сақтау, 15-і құрылыс пен жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына және өзге де мекемелерге жолықты. Ал 41 тұрғын БҚО әкімі Алтай Көлгіновтен, 30 адам Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаевтан кеңес алды.

Динара ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ,

суреттерді түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

zhaikpress.kz

ашык (2) ашык (3) ашык (4) ашык 2 (1) ашык 2 (2) ашык (1)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале